25 нау, 2023 сағат 04:05

Нұрлан имам: Жанат адасты ма? Қазақ адасты ма?..


Имам Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Жанат Бақыттың айтқандарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Жанат адасты ма? Қазақ адасты ма?!

Ақиқаттың бәрін түсінікті тілмен жеткізу - біздің міндет. Қасық қаны қалғанша ҚАЗАҚ деп өткен баһадүр БАТЫРЛАРДЫ қатын бейнесіне енгізген адам қазақтың рухын қалай көтермек?!

Алланың жолын Абай да айтып кеткен: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ЕШ УАҚЫТТА жалған болмас!"

Небір қилы заманның өз арандатушылары болған. Мұндай сөзге кімдер ереді: сыныққа сылтау таппай, иманы әлсіз, дінінен бекем таппай белі бусап жүргендер ғана. Сондықтан 1 қаңқу сөз естісеңіз, 100 есе иманыңызды арттыруға асыға түсіңіз", - деп жазды имам Instagram-дағы парақшасында.


Сондай-ақ ол Мұхаммед (с.ғ.с) соңғы пайғамбар екенін, ал пайғамбар, елші, ескертуші ретінде сөйлеп, елдің ішінде атын шығарып жүргендерді "толыққанды адасқан" деп атады.