Фото: ашық дереккөз
Құрлық әскерлері баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, әскери қызметші қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды делінген, деп хабарлайды Ult.kz.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады.
«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі», – делінген министрлік хабарламасында.
Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.
