21 мам, 2025 сағат 12:09

«О,сұмдық-ай...»: Ринат Заитов мұңды өлең жариялады

Фото: Ринат Заитовтың инстаграм парақшасынан
 Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн деуге болады» деп, мұңды өлең жариялады, деп хабарлайды  Ult.kz.

«О,сұмдық-ай...
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да ‘ көгілдір”
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап ән салған
“Тарланым” да “ көгілдір “
Тіс қайрауда, шара жоқ
Үндемейсің...
Өмір-бұл

Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн деуге болады....» -деп аяқтайды Ринат Заитов жазбасын.