Фото: Freepik
Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. 2025 оқу жылында елдің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп, деп хабарлайды Ult.kz.
Білім министрлігінің мәліметінше, шетелдік студенттер легінің артуы Қазақстанның халықаралық академиялық орта қалыптастырудағы және сапалы оқу бағдарламаларын ұсынудағы беделінің өскенін көрсетеді.
Студенттер саны бойынша алдыңғы орындарда:
-
Үндістан – 9 959,
-
Түрікменстан – 9 089,
-
Өзбекстан – 4 136,
-
Қытай – 3 367,
-
Ресей – 2 426.
Сарапшылардың айтуынша, шетелдік талапкерлер Қазақстанды қолжетімді оқу ақысы, дипломдардың халықаралық танылуы және практикалық даярлыққа басымдық берілген заманауи инфрақұрылым үшін таңдайды.
Шетелдік студенттерді тарту бойынша үш жетекші қала:
-
Алматы – 18 195,
-
Астана – 4 292,
-
Шымкент – 3 645.
Ұлттық университеттер де халықаралық студенттер үшін негізгі орталыққа айналып отыр. Көш бастап тұрған 5 ЖОО:
-
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 4 497
-
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 2 687
-
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 2 483
-
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 1 759
-
М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 1 730
Ең көп сұранысқа ие бағыттар:
-
медицина – 12 950 студент,
-
педагогика – 5 943,
-
бизнес және құқық – 4 539,
-
инженерия – 3 374,
-
IT – 2 141.
Министрлік интернационалдандыруды күшейту, шетелдік серіктестермен бірлескен бағдарламаларды дамыту және білім беру экспортын арттыру саясатын жалғастыратынын мәлімдеді.
