Фото: ТЖМ
Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты өткен демалыс күндері ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 155 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 32 автомашинаны шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.
ТЖД қызметкерлері өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізуде. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
