Фото: Uzbek-MDK
Өзбекстанда фастфуд жеген 10 айлық сәбидің шіріп кеткен ішегін кесіп алып тастауға тура келді, деп хабарлайды Ult.kz Uzbek-MDK телеграм арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың ішегінің бір бөлігі шіріп кеткендіктен, оны алып тастауға тура келген. Бұған себеп — тамақтану тәртібі. Анасы сәбиін өзі жеген фастфудпен, соның ішінде картоп фри мен лавашпен тамақтандырған.
Медицина мамандары ескертеді: заманауи тағамдардың құрамында дәм күшейткіштер мен қоспалар көп, ал олар сәбидің толық қалыптаспаған ағзасына ауыр тиеді. Бұл жай ғана зиян емес — бұл өте қауіпті.