06 қар, 2025 сағат 11:04

Өзін инсульт алған мүгедек ретінде көрсетіп, елден ақша сұрап келген ер адам ұсталды

Семейде жеті ай бойы өзін инсульт алған мүгедек ретінде көрсетіп, жолда жүрген адамдардан ақша сұрап келген ер адам ұсталды. Бұл туралы Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тексеру барысында Тараз қаласының 39 жастағы тұрғынының дені сау екені және оған күтім қажет еместігі анықталды. Ер адам өз ісіне өкініп, енді мұндай әрекетке бармайтынын айтқан. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді.