Фото: Freepik
Жантүршігерлік оқиға «Қызылорда-Астана» бағытындағы пойызда болған. Көлік полиция департаменті аталған дерек бойынша іс қозғалғанын айтты.
«Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Соның шеңберінде тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді ведомство.
«Қазақстан темір жолы» оқиға «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқаратын пойызда болмағанын алға тартты. «Қызылорда-Астана» бағытында үш жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді, дейді компания.