Фото: ашық дереккөз
Үкімет отырысында Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктердің өзара іс-қимылын үйлестіруді, сондай-ақ балаларға еліміздің әртүрлі аймақтарына саяхат ұйымдастыруды міндеттеді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Батыс өңіріндегі балаларға еліміздің шығыс аймақтарын көріп-білу қызықты болады. Ал оңтүстік облыстардағы оқушылардың солтүстік аймақтарға және керісінше саяхаттап баруын ұйымдастыру қажет. Балалар еліміздің көрікті жерлері мен бай мәдени мұрасын танып-білуі тиіс», — деді Премьер-министр.
Мәдениет министрлігіне балалардың тарихи-мәдени мұра объектілеріне тегін кіруін қамтамасыз ету тапсырылды.