21 шіл, 2025 сағат 13:25

Президент таспырмасы: Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды


Фото: tenginews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен шу болған Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.  

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы 1 балалар үйінің тәрбиленушілері мекеменің Қонаевқа көшірілуіне қарсылық білдіріп үндеу жасаған. 21 шілде күні наразылар полиция қызметкерлерімен де қақтығысып қалған.