31 қаз, 2022 сағат 21:16

Президенттікке кандидат Дайрабаев Әуесбаевқа жауап берді - видео


«Ауыл» партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП үміткері Нұрлан Әуесбаевтың этикаға сай емес сөзіне жауап берді. Дайрабаев мәлімдеме жасаған видеоны партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екен, ОСДП деген партия бар ма екен өзі. Мен анау төрт аймақты аралағанда, ауылдастар ОСДП деген партияны, Әуесбаев Нұрланды танымайды, өзіңді білмейді де. Алыстан айбат шеккенше, менімен кездесші. Мен - мынау елге-жерге жаным ашыған азаматпын.

Қазақта мынадай бір жақсы сөз бар: "Іс қуған қазбаға жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады". Бір-біріміздің артымыздан бәле іздегенше, елдің қамын ойлау керек. Мемлекетте ағайындардың бәрін бірлікке шақыру керек. Қазақстандықтардың ынтымағын ойлауымыз керек. Далбаса әңгіменің бәрін қою керек" - дейді Дайрабаев.