03 мау, 2025 сағат 11:04

Прокуратураның араласуымен жетім балаларға арналған пәтерлер қайтарылды

Фото: Pexels.com

Қарағанды Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасы тұрғын үй берудегі заң бұзушылықтарды анықтап, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 балаға заңмен тиесілі өз үйлеріне қолжеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Ult.kz.

"Прокуратураның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар пәтер беруді қамтамасыз етті. Көптеген балалар үшін бұл жай ғана баспана кілті емес, бұл - қалыпты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі", - делінген хабарламада. 


Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.