28 қаз, 2025 сағат 13:27

Ресейде түскі асқа құс аулап жеген мигранттар ұсталды

Ресейдің Амур облысында түскі асқа көгершін аулап жүрген мигранттарды полиция ұстаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Новости из Кремля телеграм арнасының жазуынша жергілікті тұрғындар жүгері алқабынан алып тор мен құстардың үнін салып шақыратын дыбыстық құрылғыны байқап қалған. Оқиға орнына аңшылық инспекторлары барған.

Тордың ішінен шамамен 20 торғай мен көгершін табылған – олардың бәрі босатылып, енді бұл ауданда тұрақты рейдтер жүргізілетін болды.

Ал ұсталғандар кешкі асқа не жемек болғандарын түсіндіруге міндетті деп жазады басылым.


Оқи отырыңыз: Мәскеу енді мигранттардың әр басқан қадамын арнайы қосымша арқылы бақылайтын болады