Фото: Pexels.com
Шымкент қалалық соты әкім орынбасары Руслан Берденовке қарсы қастандық жасаған іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.
Айыпты Ернар Жиембай атыс оқиғасына байланысты 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Сонымен қатар сот үкімімен ол жәбірленушінің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткішке тең өтемақы төлеуге міндеттелді. Сома көлемі – 118 890 теңге.
Айта кетейік, Руслан Берденов бұл қаражатты өзіне ем көрсеткен ауруханаға көлік сатып алу үшін бергісі келгенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Берденовке қастандық ісі: Сот процессі қалай өтіп жатыр?
