16 қаз, 2025 сағат 16:54

"Намазхандар арттарын шашып кетеді" — блогер Рүстем Жүгінісов әжетхана тазалап, жұртты әдепке шақырды


Фото: Ашық дереккөзден

Соңғы кезде діни көзқарасына қатысты көп сынға қалып жүрген әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде қоғамдық әжетхана тазалап жүрген видеосын жариялап, халықты тазалық сақтауға шақырды деп хабарлайды Ult.kz.

Рүстем Жүгінісовтің видеодағы сөзіне қарағанда кей біреулер дәрет алу кезінде су шашып кетеді екен, соның салдарынан қоғамда намаз оқитын адамдар жайлы теріс пікір қалыптасатын көрінеді.

"Содан кейін намаз оқымайтын адамдар "намаз оқитындар осылай шашып кетеді екен" деп жаман ойлайтын болады. Сол үшін жігіттер, дәрет аласыздар ма, арттарыңызды жинап, сүртіп кетіңіздер", дейді ол.


Видеода ол әжетхананы сүртіп, тазалап жүргенін түсіргені көрінеді.