11 там, 2016 сағат 11:01

"Сәләфизм: Шындығы мен жалғаны" (Видео)

Жалпы сәләфизммен күрес екі бағытта қатар  жүргізілуі тиіс. Біріншісі заңмен тыйым салу. Оның тетіктері бар. Тек бас қатыру керек. Екіншісі ағартушылық. Қазір бұл бағытта жақсы жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ жеткіліксіз. Өйткені жоспар жоқ. Қаржы тапшы. Сондықтан ең әуелі қаржы көзі қарастырылып, сосын ғылыми орталық, арнайы иститут құрылып, сол жерге шетелдік және жергілікті білікті мамандарды шоғырландыру ләзім. Сәләфизм мен тәкфиризм идеологисына, олардың барлық уәждеріне қарсы жалпылама емес, ғылыми тұрғыда, жоспарлы түрде, жеке-жеке дәйекті жауап беру керек. Кітап, брошюра, видео, аудио материалдар дайындалуы тиіс. Тіпті мемлекет тарапынан арнайы көркем фильмдер түсірілуі тиіс. Еліміздегі медресе, университет шәкірттеріне арнайы бағдарлама түзілуі тиіс. Тағысын тағы…

Тәжікстан, Өзбекстан секілді біз де түбінде заңға жүгінеміз. Тек ол кезде кеш болып жүрмесе…

Қайрат Жолдыбайұлы

 

"Жетісу" телеарнасы