09 ақп, 2026 сағат 16:33

Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды


Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылғаны туралы медицина мекеме өкілдері хабарлады.

«Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес, денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері жөніндегі ақпарат дәрігерлік құпияға жататынын атап өтті», — Медициналық мекеме өкілдері. 


Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың хабарлауынша, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айында «Совминкаға» жатқызылған болатын. Толық он ай ем қабылдаған.

Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда тараған. Мамыр айында Айдос Үкібай «Сара Назарбаева қайтыс болды» деген ақпаратты жоққа шығарған еді.