Фото: Facebook.com
Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен қай жерде екеніне қатысты түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар тараған болатын. Осыған байланысты Тұңғыш Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Айдос Үкібайдың мәлімдеуінше, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр.
Оның айтуынша, барлық медициналық процедуралар бекітілген стандарттарға сай жүргізілуде және Сара Алпысқызы отандық дәрігерлердің толық бақылауында.
Айдос Үкібай халықты жауапкершілікке шақырып, этиканы сақтауды ескертті:
«Сара Алпысқызының есімін пайдаланып, түрлі алыпқашпа әңгіме таратпаңыздар», – деді ол.
Сонымен қатар, ол ресми және нақты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажет екенін ерекше атап өтті.
