Фото: alash.kz
Сауд Арабия билігі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын алға тартып, олардың Қағбаға келуіне тыйым салды, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.
Енді үлкен қажылық – тек ересектерге, ал балалар кіші қажылыққа ғана бара алады.
“15 жасқа толған және жоғары азаматтарға қажылық визасын рәсімдеуге рұқсат берді. Осы және де өзге де талап шектеулерді ескеріп отыру керек. Ол бойынша сізді апаруға бекінген компаниямен нақыталап алу қажет. Біз соған қатысты қажетті талаптарды, денсаулық талаптарын барлығын жолдаймыз”, – дейді ҚМДБ қажылық бөлім меңгерушісінің орынбасары Сырым Құрмаш.
Сауд Арабиясы балаларға ұмра жасауға жалпы тыйым салмайды. Дегенмен, кейбір техникалық талаптар мен қосымша тіркеу рәсімдері болуы мүмкін.
Биыл қажылық маусымында Қазақстан бойынша 14 компанияға рұқсат берілген. Бұл тізімді Мүфтияттың ресми сайтынан көруге болады. Осы жылы қажылыққа Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың адамға ғана квота бөлген. Сондықтан қажылыққа баруды жоспарлаған азаматтардың ақпаратты ресми операторлар мен уәкілетті органдардан нақтылап алғаны жөн.
