03 нау, 2026 сағат 16:22

Щучинскіде болған жарылыстан қаза тапқандар саны сегізге жетті

Фото: Baq.kz

Щучинскіде болған жарылыс пен өрт салдарынан тағы бір зардап шеккен азамат көз жұмды. Осылайша, қайғылы оқиға құрбандарының саны сегізге жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Ер адам Бурабай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның қайтыс болғанын растады.

Ведомство мәліметінше, дәрігерлер науқастың өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Айта кетейік, бұған дейін сегіз адам ауыр халде жатқаны хабарланған болатын.