18 мау, 2025 сағат 15:45

Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалмады — министр

 

Фото: Видеодан скрин



Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

 

— Жалпы, бұл жөнінде ресми сауал жіберіңіздер. Жалпы айтайын, Қаржаубайға қатысты қазір қылмыстық іс жоқ, — деді Ержан Саденов.

 

Еске салсақ, жақында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай өткені туралы пайымын айтты. 

 

Биыл 3 маусымда сот отырысының жарыссөз кезеңінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев өз ойын айтты. Ол соңғы сөзінде Шерзат Полаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды өтінді. 

 

5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.