Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жетті. Қазіргі таңда іс Шымкент қаласындағы мамандандырылған қылмыстық сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Басты айыпталушы – бұрынғы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбай. Айыптауға сәйкес, ол 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының маңында аңшы мылтығымен Руслан Берденовке 5 рет оқ атқан. Прокурордың мәлімдеуінше, күдікті бақылау үшін қосымша оқ атпақ болған, алайда оқ-дәрісі таусылып қалған.
Сот процесі ашық форматта өтуде, алайда айыпталушыны видеоға түсіруге тыйым салынған.
Тергеу кезінде Ернар Жиенбай өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеп, бұл туралы сотта дәлелдер келтіруге дайын екенін айтты.
Судья Руслан Берденовтің келесі сот отырысына жеке қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Келесі тыңдалым 6 тамыз күні, сағат 10:00-де өтеді.
