Фото: Pexels.com
Шымкентте 41 жастағы ана 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайы жақсы», - делінген Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала.
