23 қаң, 2025 сағат 12:58

Солтүстік Қазақстанда өрттен екі адам қайтыс болды

Фото: Sputnik / Алексей Петров

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылында жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер келгенде үй толық жанып кеткен. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Отбасының қалған мүшелерін іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Дереу келген құтқарушылар өртті оқшаулады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен және құралдарымен және өрт сөндіру бекетімен жою жалғасуда. Өрт болған жердің ауданы – 104 шаршы метр, себебі анықталып жатыр", - дейді ведомство.