Фото: ТОО "Алма ТВ"
Сот Экс-банкир Жомарт Ертаевты қайта түрмеге қамау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!", - деп жазды депутат Абзал Құспан өзінің фейсбук парақшасында.
Айта кетейік 2020 жылдың қарашасында бұрынғы банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен 11 жылға сотталған.
Кейін тағы ЕртаевBank RBK мен Qazaq Banki, сондай-ақ Еуразиялық банктің несие қаражатын жымқырды деген айыппен сотталды. Бұл іс бойынша сот Ертаевтың төрт сыбайласына да үкім шығарды. Сотталғандар банктерге ірі сомаларды қайтаруға міндеттелді: Bank RBK-ге шамамен 98 миллиард теңге, Qazaq Banki-ге 46 миллиард теңгеден астам және Еуразиялық банкке 24 миллиард теңгеден астам.
2021 жылдың наурыз айында сот Жомарт Ертаевтың бірінші қылмыстық ісі бойынша жаза мерзімін қысқартты. Оған 11 жыл емес, 9 жыл берілді.
Жомарт Ертаев бірер ай бұрын бостандыққа шыққан еді. Бұл шешімге байланысты Абзал Құспан ҚР Бас прокуратурасына протест білдіру жөнінде талап арыз жазған.
