22 қаң, 2026 сағат 19:58

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы болып Арайлым Мейіржан тағайындалды


Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы болып Арайлым Мейіржан тағайындалды.

Ол медиа, мемлекеттік коммуникациялар және ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру саласында 8 жылдық тәжірибеге ие.

2020–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде жұмыс істеген.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл және азаматтардың өтініштері жөніндегі басқармасын басқарған.