22 қаң, 2026 сағат 15:59

Студент ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды


Фото: ашық дереккөз


Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған.


Бортта медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.