01 там, 2025 сағат 09:43

Студенттердің жол жүру шығындарына арналған қаражат қашан аударылады?

Фото: Depositphotos

Студенттердің жол жүру шығындарына арналған қаражат толық көлемде аударылды, деп хабарлайды Ult.kz.

2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне арналған қаражат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына аударылды.

Енді бұл қаражаттар университеттер арқылы студенттердің жеке банк карталарына аударылады.