
Фото: instagram.com/mukassan.shakhzadayev
Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген Ғалымжан Сүлейменнің жағдайы нашарлап кетті. Ал Шахзадаев қазір қамауға алынды. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Инга Иманбайдың айтуынша, Шахзадаев қазір ұсталған, жедел тергеу әрекеттері басталған.
"Оған Ғалымжан мырза екеуміз де қатысуымыз керек. Яғни беттестіру деген сияқты іс-шаралар... Бірақ қазір ол ауруханада жатуына байланысты жағдайына, денсаулығына қарай біз сол әрекеттерге қатысатын боламыз. Істің құрамына келетін болсақ, 107 баптың 2 бөлігіне келеді. Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру. Қазір сол бойынша тергеу әрекеттері жүреді", - деді адвокат.
Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевтың кінәсі дәлелденсе оны 3 жылға дейін түрме жазасы күтіп тұрғанын айтты.
