11 жел, 2025 сағат 10:13

Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады?


Фото: depositphotos.com

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасында мерекелік демалыс күні болып бекітілген. 2025 жылы 16 желтоқсан сейсенбі күніне сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар 1 күн демалады, деп хабарлайды Ult.kz

Ал айдың соңы жұмыс күні болып қала береді. Еске салсақ, қоғамда жаңа жыл мерекесіне орай 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрағандар көбейген, алайды ресми билік өкілдері бұл күн жұмыс күні болып қала беретінін мәлімдеді.

 Яғни, 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері. 

Жаңа жылға арналған мерекелік күндер - 1 және 2 қаңтар (бейсенбі, жұма) болып есептеледі; Осы күндері, Қазақстанда демалыс жарияланған. 

3 және 4 қаңтар - сенбі және жексенбі күніне сәйкес келеді, демалыс;

5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;

7 қаңтар, сәрсенбі - Рождествоға арналған демалыс күні.