11 жел, 2025 сағат 10:24

Телефонына алаңдады: Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті


Фото: Видеодан скриншот
Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Қозғалыс барысында жүргізуші бірнеше рет телефонына алаңдаған, соның салдарынан қайғылы жағдай орын алған.

Жарақат алған қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 жастағы қыздың жағдайы өте ауыр.

Автобус жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.