29 жел, 2025 сағат 10:31

Теміртаудағы қоғамдық автобуста жолаушылар бірін бірі пышақтап кетті

Теміртауда №107 бағыттағы автобуста жолаушы пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жолаушылар арасындағы жанжал терезенің форточкасына байланысты шығып, төбелеске ұласқан. 30 жастағы ер адам 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұққан.

Зардап шеккен азаматқа оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.