Көрнекі фото: dzen.ru
10 желтоқсан кешкісін Мойынты – Шығанақ аралығында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сарышаған станциясының жол бригадасы жоспарлы рельс ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте жүк пойызының машинисті жол аймағындағы адамдарды байқап, шұғыл тежегішті басқан. Өкінішке қарай, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы қаза тапты.
"«ҚТЖ» компаниясының басшылығы оқиғаға дереу әрекет еткені хабарланды. Оқиға орнына мамандар жіберіліп, бас инженердің жетекшілігімен комиссия жұмысын бастады. Ол болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қауіпсіздік бойынша қорытынды дайындайды", -делінген хабарламады.
«ҚТЖ» өкілдері қаза болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен өтемақы көрсетілетінін мәлімдеді.
