18 қаң, 2019 сағат 09:29

Тоқаев: Браконьердің қолынан қаза болған инспектордың есімі мәңгі есте сақтауға лайық!

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің ерлігінің мәңгі есте сақталатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін киіктерді өлтірген браконьерлермен күрескен нағыз ер азамат, қорықшы Ерлан Нұрғалиев жерленді. Ол ҚР ұлттық мүлкін қорғау жолында көз жұмды. Иманды болсын! Бандиттер мен олардың ісіне қолдау көрсетушілер тиісті жазасын алулары керек. Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді.