30 қыр, 2022 сағат 15:53

Төреғали Төреәлі қамауға алынды - видео


"Көлсай көлдері" табиғи паркінде гид жігітті соққыға жыққан әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

28 қыркүйекте Ұлттық парк аумағында, яғни Алматы облысы, Кеген ауданында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша, ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.

"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды", - деп жазды Әбдірахманов. 

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынғаны айтылды.