Фото: КТК
Түркістан облысындағы Шұбарсу ауылында орналасқан жалдамалы үйлердің бірінен әйел адам мен оның бес және жеті жастағы ұлдарының мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz Alash.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдайға иіс тиіп улану себеп болған.
38 жастағы марқұм жергілікті балабақшада тәрбиеші болып еңбек еткен. Ол жолдасымен ажырасқаннан кейін үш баласымен бірге тұрып келген. Көршілерінің айтуынша, келіншек үйдің мұржасын тазалатуды жоспарлап жүргенімен, оны жүзеге асырып үлгермеген көрінеді.
Оқыс жағдай әйел жұмысқа шықпаған соң оны іздеп келген әріптестері үйге кіргенде белгілі болды. Ішінен құлыпталған есікті бұзып кірген олар ес-түссіз жатқан отбасы мүшелерін көрген. Екі бала мен анасы сол жерде жан тәсілім етсе, 13 жастағы үлкен ұлы аман қалды. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
