Фото: baq.kz
2024 жылдың 16 маусымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев2024 жылғы 15 сәуірде қабылдаған«Әйелдердің құқықтары мен балалардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңғақол қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған заң қабылданғалы елде қандай өзгерістер болғанын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа заңның негізгі өзерістері:
- Ұрып-соғу мен жеңіл дене жарақаты қылмыс деп танылды. Бұл әрекеттер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске қайта енгізіліп, жаза күшейтілді.
- Бұзақыны жауапкершілікке тарту үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Бұл тұрмыстық саладағы құқықбұзушылар санының едәуір артуына мүмкіндік берді.
- Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік көрсеткен жағдайда тараптарға татуласуға мүмкіндік берілмейді.
- Сот агрессорды мәжбүрлі түрде психологиялық көмек алуға жіберіп, жәбірленушімен байланысуына немесе бірге тұруына тыйым сала алады, тіпті тұрғын үй агрессордың меншігі болған жайғдайда да.
Заң тек жазалаумен шектелмей, алдын алу және қолдау жүйесін де енгізді.
Мәселен, 52 «бұзақы» сот шешімімен міндетті психологиялық оңалтуға жіберілді. 20 жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды. Ел бойынша 112 отбасын қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. 2025 жылдың бірінші тоқсанында 34 мың отбасы әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек алды. 2 мың отбасыға тұрақты көмек көрсетіліп жатыр.
2025 жылдың басынан бастап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:
• тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 20,5%-ға азайды;
• отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны 29%-ға төмендеді;
• кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 21,3%-ғаазайды;
• педофилия фактілері 40,7%-ға қысқарды.
19 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі ресми арыз жазылмай-ақ анықталды. Бұл оқиғалар өңірлердегі жедел топтардың, әлеуметтік желілер, куәгерлердің және сараптама топ мүшелерінің мәліметтері нәтижесінде тіркелді.
Мектептерде «111» мемлекеттік байланыс орталығының QR-коды орнатылғаннан кейін балалар арасындағы зорлық-зомбылық, буллинг және күрделі психикалық-эмоциялық жағдайлар туралы фактілер жиі анықтала бастады.
Жыл басынан бері балалардан 86 мыңнан астам смс-хабарлама келіп түсті. Оныңішінде 2 мыңнан астамы — зорлық-зомбылық, буллинг, сыныптастармен немесе ата-аналарымен қарым-қатынастан күйзеліске түскеніне байланысты көмек сұраған. Өз-өзіне қолжұмсауға әрекеттенген 28 жағдай анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
«111» қызметіне ересектер де жүгінуде. 5 ай ішінде әлеуметтік, балалар қауіпсіздігі, психологиялық көмек пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша 62 мың қоңырау келіп түскен.