31 қаз, 2025 сағат 16:03

"Үре берсін": Қазақстанда дауға қалған ресейлік әнші Ресей әскерін қолдады


Фото: ИЗВЕСТИЯ/Сергей Лантюхов
Қазақстанда басы дауға қалған ресейлік әнші Акмаль Ходжаниязов Ресей әскерін қолдап, жергілікті басылымға сұхбат берді, деп хабарлайды Ult.kz.

РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында ол сын мен санкцияға қарамастан Ресей мықты бола түсті деп есептейді. 

"Құдай біздің жауынгерлерімізге саулық берсін, біздің жағдайымыз жақсы болсын. Менің айтарым – осы. Артымыздан кім, не деп үріп жатыр, үре берсін — біз одан тек шыңдаламыз", — деді Акмаль тілшіге.


Айта кетейік әнші Қазақстанда берген концертінде көк-сары түсті сыйлық пакетін қабылдаудан бас тартқаны үшін даудың астында қалған болатын. Ол сахнада: «Мына пакетті өртеп жіберіңдер, түсі ұнамайды», – деген еді. Осыдан кейін Қазақстандағы оның концерттері тоқтатылып, Акмальдің өзін көпшілік сынға ала бастады. 



Фото: Әлеуметтік желіден скриншот
Акмаль Ходжаниязов Түрікменстанның тумасы, 2003 жылы туған, ресейлік шоу-бизнес өкілі. «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» атты хит әндері арқылы ТМД жұртшылығына танымал.