30 жел, 2025 сағат 10:54

Үйден алтын ұрлаған келін ақшаны құмар ойынға жұмсаған

Фото: ашық дереккөз

Түркістанда полицейлер үйінен алтын бұйымдар ұрлаған келінді ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.

Жергілікті тұрғын полицияға үйінен алтын әшекейлері мен ақшасы жоғалып жатқанын айтып арызданған.

Тергеу барысында күдікті ретінде үй иесінің келіні анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде алып, жәбірленушіге 8,5 млн теңге шығын келтірген.

Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты құмар ойындарға жұмсаған.