27 жел, 2021 сағат 17:00

Заңгер Тәшенова: Мамай өзінің жұбайын отқа тастады

Фото: Vlast.kz

Заңгер Айжан Тәшенова өзінің фейсбук парақшасында Жоғарғы сотқа сауал жолдағаны, соның нәтижесінде Жанболат Мамайдың кассациялық сатыда шағымданып-шағымданбағаны жөнінде анықтағаны туралы жазған. Заңгердің айтуынша, өзінің жазбаларының бірінде Жоғарғы сотқа жолданған арызы «жауапсыз қалғанын»  да жазған екен.

Айжан Тәшенова анықталған жайтқа сәйкес «Мамайдың «Тазшаның қырық өтірігіндей» бұл сылтауы - әдеттегідей арсыз өтірік, қоғамдық пікірді бұрмаламақшы болған кезекті қитұрқы әрекеті. 

Мамайдың Жоғарғы сотқа жолдаған өтініші - оның «журналистік зерттеу» деп атаған өтірігі іспетті кезекті «фейк», - деп жазған. Оған қоса заңгер Жоғарғы соттың жауабын жазбасына тіркепті. Жауапта: «Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтеріне сәйкес Ж.Мамайдың сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарастыру туралы арызы түспеген)» делінген.

Сонымен қатар заңгер Мамайдың өтіріктері өзіне ғана емес, айналасындағыларға да үнемі кесірін тигізетіндігін назарға алған. Бұл жолы өтіріктің оты оның әйеліне де тиген деп отыр заңгер.

«Қазіргі қолда бар нақты деректерге назар аударсақ, Мамай жұбайын «отқа тастап» өзі шетте қалып отыр. Ал, Иманбаева өзін ғана емес, күйеуін де қорғауға мәжбүр болды. Мамайдың өз жақтастарын аяқтан шалуы таңсық емес. Жақында БАҚ-та тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының бірнеше белсендісінің ұсталғанын оқыдым. Алайда Мамай бұл жолы да ұсталмай, судан таза, сүттен ақ болып отыр», - делінген А.Тәшенованың жазбасында.

Сондай-ақ, "Мамай мен оның жұбайы Иманбаеваға соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау олардың өздеріне кері әсерін тигізетіндігін жазған болатынмын" деп мәлімдеді заңгер.