Фото: Caravan.kz
Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 60 жастан асқан жолаушыларға 25% жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Жеңілдікті пайдалану үшін Qurmet дисконттық картасын рәсімдеу қажет. Карта барлық пойызда жарамды және купе, плацкарт, отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.
Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.
Сондай-ақ 15–25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған Kettik33 картасы енгізілді. Ол купедегі жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билетті 33% жеңілдікпен алуға мүмкіндік береді.
