Фото: ашық дереккөз
Қызылорда облысынан күрес бойынша оқу-жаттығу үшін Жамбыл облысына келген 22 жасөспірім астан уланып ауруханаға түсті. Деректерге сай, олар шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін, деп хабарлайды Ult.kz.
Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.
Әкімдіктің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазір олардың нәтижелері күтілуде.
Гастроэнтерит – асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оған вирустар немесе бактериялар себеп болуы мүмкін. Негізгі белгілері – құсу мен іш өту.
