Фото: ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бұл жағдайдан хабардар екенін айтты, деп жазады Ult.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, соңғы мәліметке сәйкес арызданушы өз арызын қайтарып алған. Пара талап етті деп айыпталған дәрігер де қарсы арыз түсірген. «Ұрып-соғу фактісі болған» деген мәлімет те айтылды. Сол себепті екі тарап та арыздарын кері қайтарыпты.
«Соған қарамастан тексеру жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау саласындағы жүйелі проблемаларды анықтап, шара қабылдаймыз. Тексерістің нәтижесін күтіп отырмыз», – деді Қарашөкеев.
Журналист басқарма басшысы немесе аурухана жетекшілігіне қандай да бір шара қолданылатынын сұрағанда, әкім:
«Тексерістің нәтижесіне қарай шешім қабылданады», – деп жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында нәресте дүниеге келгеннен кейін бір сағаттан соң шетінеп, анасының жатырын алып тастауға мәжбүр болғаны хабарланған еді. Туыстарының айтуынша, әйел бір апта бойы ауыр халде жатқанымен, ақшасы төленбейінше тиісті көмек көрсетілмеген.
