Фото: Qazaqstan.tv
11 ақпанда «Алматы-Ташкент» автожолында «Volkswagen Passat» жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік көлікке соғылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Жол апатында қызметтік көліктегі екі полицей әртүрлі дене жарақатымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Аға инспектор Абай Үшкемпір 12 ақпанда аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ол ішкі істер органдарына 2017 жылы келген, қызметі барысында 9 рет марапатталған.