03 ақп, 2026 сағат 11:19

Жаңа Конституция: ІІМ жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, соның ішінде жаңа Конституция жобасына қатысты, шындыққа жанаспайтын әрі арандатушылық сипаттағы жазбалар көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

IIM пікір айту мен талқылау заңға қайшы келмейтінін, алайда ақпаратты әдейі бұрмалау және жалған мәлімет таратпау керегін еске салды.

Бұған дейін Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов 2 ақпан күні жаңа Конституция жобасын талқылауға байланысты өткізген кеңесте әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы бұрмаланған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырған.

Бұл аталған жұмыстарды үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелген.

31 қаңтарда үкімет сайтында кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұратын жаңа Конституция жоба жарияланған. 

31 қаңтар Алматы әкімшілік соты қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты «жалған ақпарат таратты» деп кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салды. Оған Әкімшілік кодекстің 256-2 бабы бойынша айып тағылған.