21 қаз, 2025 сағат 11:49

Журналист Асхат Ниязовтың даулы сөзіне қатысты әріптесі Бас прокуратураға өтініш түсіргенін айтты


Фото: informburo.kz
Журналист Асхат Ниязовтың «адамның жыныс мүшесіне тақия кигізу» туралы айтқан сөзі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғамның наразылығын тудырды. Осыған байланысты тағы бір журналист Айбар Олжаев Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 174-бабы («ұлттық, әлеуметтік, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздыру») бойынша сараптама жүргізуге өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, бұл өтініш іс қозғалды дегенді білдірмейді, тек құзырлы орган айтылған сөзде қылмыстық құрам бар-жоғын анықтайды.

"Асхат Ниязовтың адамның жыныс мүшесіне тақия кигізу туралы сөздері қазақ қоғамының ашуын туғызды. Онда ұлт араздығын қоздыру элементтері бар ма, жоқ па, соны анықтау үшін Бас прокуратураға Қылмыстық Кодекстің 174 бабы бойынша экспертиза жасауға өтініш түсірдім. Бұл 100% іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган қылмыстық құрам бар ма, жоқ па соны анықтайтын болады. Мүмкін бұл жәй әзіл шығар. Бірақ әзіл адамдарды жауластырмауы керек. Керісінше жақындастыруы керек еді. Асекеңнің тілімен айтсақ, хороший юмор объединяет, а не хороший разъединяет", - дейді журналист Айбар Олжаев өзінің фейсбук парақшасында.

Қазіргі таңда әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысты екі түрлі пікір білдіруде: бірі сөз еркіндігі мен сатираның шекарасын қорғауды айтса, енді бірі мұндай «әзілдің» ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіретінін атап өтуде.