23 мам, 2025 сағат 09:02

Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

48 жасында қазақстандық спорт журналисі  Диас Ахметшәріп өмірден озды, деп хабарлайды Ult.kz.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

"Ардақты азаматтың адамдық болмысы, кәсіби біліктілігі – кейінгі буын қалам ұстаған жастарға әрдайым үлгі болып қала бермек.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!", - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.