Фото: ашық дереккөз
Техникалық ақауға байланысты Air Astana әуе компаниясының Алматы – Бангкок бағытындағы рейсі Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды. Бұл ақпаратты әуе тасымалдаушысы ресми түрде растады, деп хабарлайды Ult.kz.
Компанияның мәліметінше, ұшақ 18 желтоқсанға қараған түні сағат 01:00-де Алматыдан ұшып шыққан. Бортта 138 жолаушы болған. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 05:51-де Делидегі әуежайға сәтті қонған.
Air Astana өкілдері жолаушыларға тамақ берілгенін, сондай-ақ уақытша визалар рәсімделгенін хабарлады. Қазіргі уақытта оларды қонақүйге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа сапарды жалғастыру үшін қосымша әуе кемесі дайындалуда.
