06 там, 2025 сағат 09:36

2024 жылы 39 адам ұшақ апатынан қаза тапқан

Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан авиация әкімшілігінің мәліметінше, 2012 жылдан 2024 жылға дейінгі 13 жыл ішінде елімізде 68 әуе апаты оқиғасы тіркелген. Оның 26 оқиғасы адам өлімімен аяқталған, бұл апаттарда барлығы 124 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ult.kz.

«2024 жылы елде 6 авиациялық оқиға орын алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Айта кетерлігі, 2024 жылы коммерциялық авиацияда бір ғана оқиға орын алған (2023 жылы мүлде болмаған), ал авиациялық жұмыстар мен оқу-жаттығу ұшуларында 5 оқиға тіркелген (2023 жылы – 3 оқиға)»,– делінген хабарламада.


Ұшақ апаттарынан 2023 жылы 6 адам, 2024 жылы 39 адам қазақ тапқан. 38-і коммерциялық авиациядағы апатта, 1-еуі авиациялық жұмыстар кезінде көз жұмған.

Еске салайық, 2024 жылдың соңында Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе рейсі апатқа ұшырап, 35 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі көз жұмған еді.