29 шіл, 2025 сағат 14:27

Ақмоншақ Нұртазақызы желіге оралды: "Бұл – менің миссиям!"

Ұстаз, блогер әрі қоғам белсендісі Ақмоншақ Нұртазақызы әлеуметтік желідегі үзілістен кейін қайта оралды. Ол Instagram парақшасында жаңаша көңіл күймен, жаңа жолдың алдында тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім. Бұл – менің миссиям», – дейді ол.


Ақмоншақ Нұртазақызы бұл үзілістің ішкі тыныштықты табу, ой елегінен өткізу және келесі қадамды нық басу үшін қажет болғанын айтып, өз оқырмандарына алғыс білдірді. Сондай-ақ, бейнежазбасы арқылы Желіден кетуіне оқырмандар тарапынан түскен сын екенін мойындады.

Ол ұстаздардың жанын түсініп, оларға демеу болуды, оқушының үнін естіп, ата-анаға бағыт беруді, жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнатуды өзінің басты мақсаты деп атап өтті.

Жазбасында ол жақында парақшасында бір жаңалық болатынын да ишарамен жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмоншақ Нұртазақызы мектеп директоры қызметінен де, блогерліктен де кетемін деп мәлімдеген